KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 2 м/с, С
503.44 593.35 6.55

Құтқарушыларды арнайы техникамен қамту жұмыстары жалғасуда – ШҚО

29.11.2025, 15:30 224 Базарова Айгүл

ШҚО-да құтқарушыларды арнайы техникамен қамту жұмыстары жалғасуда. Облыстық әкімдік қолдауымен өңір құтқарушылары заманауи жаңа катермен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Altainews.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

VОYAGER 850 ел бойынша су ресурстарының 40 пайызы орналасқан Шығыс Қазақстанның өзен-көлдерін патрульдеуге және судағы құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Мамандардың айтуынша, техникалық парктың жаңаруы өңірдің қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтардың орнын толықтырып, құтқарушылардың жүгін жеңілдетеді.

Бұдан бөлек ШҚО әкімдігі төтенше жағдайлар қызметінің іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізетін екі әуе кемесіне арналған ангардың құрылысын бастады. 

«Бұл база Шығыс Қазақстанның табиғи ерекшеліктерін, су тасқыны мен өрт қаупі жоғары маусымдар кезіндегі күрделі жағдайларды ескерсек, аса қажет. Жаңа ангар техниканың жыл бойы дайын болуын қамтамасыз етіп, құтқару операцияларының қауіпсіздігін арттырады», – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.


Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу