KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, ОШ
505.17 599.54 6.59

ШҚО-да су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді

13.11.2025, 13:00 190 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов Шемонаиха ауданына барып, су тасқыны қаупі жоғары учаскелерде дайындық барысын тексерді. деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мониторинг барысында инженерлік жұмыстар жоспарының орындалу деңгейі қаралды. Убинка ауылында көше жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ал Красная Шемонаиха ауылында су өткізу құбырына жүргізілген ағымдағы жөндеу аяқталды. Сонымен қатар Большая Речка ауылында көпірді жөндеу жоспарланған нысан тексерілді.
Мамандардың айтуынша, барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалуда. Нысандардың көктемгі су тасқыны кезеңіне толық дайын болуы Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында.
Бұл жұмыстар өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су тасқыны салдарын барынша азайтуға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу