KZ
Өскемен
-18°
плотный туман жел 2 м/с, З
505.17 599.54 6.59

Мұнай бағасы көтерілді

18.07.2022, 14:11 391
Доллардың басқа валюталарға қатысты құнсыздануы аясында дүйсенбіде мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:39-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы 0,66%-ға өсіп, барреліне 101,83 доллар болды, WTI қыркүйектегі фьючерстері 0,45%-ға өсіп, барреліне 95 долларға жетті, – деп жазады 1prime.ru. 
Алты елдің валюталарына қатысты АҚШ долларының индексі 0,16%-ға төмендеп, 107,89 болды. Доллардың әлсіреуі шикізатты, соның ішінде мұнайды басқа валютада сатып алуға ммүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу