KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
514.31 603.03 6.4

ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Евгений Щетников

8.02.2024, 15:22 1 004

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановты ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Рамазанов Нұрлан Сағибекұлы 1985 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылында дүниеге келген.

2008 ж. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Мамандығы - өнеркәсіптік жылу энергетикасы. 2012 жылы "Мәскеу энергетикалық институты" Ұлттық зерттеу университетін бітірді. "Жылуэнергетика" бағыты бойынша техника және технология магистрі.

2008 жылдан бастап «Алтайэнергоналадка» ЖШСнің жылу технигі болып жұмыс атқарды.

2009 жылы  «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің қазандық жабдықтарының операторы;

2009 жылдың 15 қазаннан бастап 2010 жылғы 18 тамызға дейін «Өскемен металургия кешені» қызметкері;

Мемлекеттік қызметте 2012 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. 2012 жылы "Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті" ММ бас маманы;

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі;

2017 - 2020 жылдары "ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы;

2020 жылдың 24 ақпанынан бастап "ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ басшысының орынбасары;

2023 жылдың 28 сәуірінен бастап «ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу