ШҚО-да баласын үйде қараусыз қалдырып кеткен ана жауапқа тартылды
Алтай ауданының соты ата-аналық міндетін дұрыс атқармаған әйелге қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ол 12 сәуір күні кешкі сағат 19.00-де 4 жасар қызын үйде қалдырып, кетіп қалған. Түнге қарай үйіне сол бойы оралмайды.
Сот шешімі бойынша, оған 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз