KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

Еліміздің бес өңірі "қызыл" аймаққа енді

17.01.2021, 12:08 604

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 17 қаңтар күнгі мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «қызыл»>аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

«Сары»> аймақта Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер – «жасыл»> аймақта.

Еске салсақ, 16 қаңтар күні «қызыл» аймақта Қазақстанның 3 өңірі орналасқан болатын.

Өткен бір тәулікте коронавирус індетінің жаңадан 978 жағдайы анықталды. Сондай-ақ 16 қаңтар күні індеттен 600-ге жуық адам жазылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу