KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Жастарды баспанамен қамту - назардағы мәселе

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
27.11.2024, 11:40 330 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында жастарды қолдау мәселелері әрдайым өзекті, себебі бұл санаттағы азаматтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рауан Жәмпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды  Аltainews.kz тілшісі.

Облыс жастары түрлі бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысатыны мәлім. Облыс халқының 24 пайызын 14 пен 35 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл шамамен 173 353 адам, олардың 31 581-і студенттер. Аймақ жастары «Таза Қазақстан», «Таза ойындар», «Экологиялық патруль» сияқты экологиялық акциялар мен жобаларға белсенді қатысуда. Сонымен қатар, өңірде еріктілер қызметі мен жастардың «ZHAS PROJECT» жобасы аясындағы аймақтық бастамаларды дамыту жақсы арнаға салынған.

Алайда, басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда бірқатар жүйелі проблемалар бар, оларды шұғыл шешу қажет.

– Негізгі мәселелердің бірі – жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламасының болмауы. «Отбасы банк» филиалының мәліметінше, елдің басқа өңірлерінде осындай бағдарламаларға айтарлықтай қаражат бөлінеді: Астанада – 8 млрд теңге, Алматыда – 84 млрд теңге, Қарағандыда – 10 млрд теңге, Шымкентте – 8 млрд теңге. Ал Шығыс Қазақстан облысында мұндай бағдарламаның болмауы жас мамандардың тұрғын үй мәселесін шешу мүмкіндігін айтарлықтай шектеп отыр, – деп атап өтті Рауан Жәмпейісов.

Жиынды өткізген облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жастарды қолдау – аймақтың болашағына салынатын инвестиция екенін атап өтті. Дәл қазір жас ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасау бағытында белсенді шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Ол жауапты органдарға жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу мәселесін жақын арада қарауды тапсырды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу