KZ
Өскемен
-12°
пасмурно Штиль
498.65 589.06 6.49

Алаяқтықтың алдын алу үшін несие беруде жаңа тәртіп енгізіледі

Фото: Polisia.kz

4.09.2025, 19:00 264 Төлеуғазы Жансая

Елімізде ірі көлемдегі несиеге өтініш берген азаматтарға шешімін қайта қарауға қосымша уақыт берілмек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform порталына сілтеме жасап.

Жаңа талаптарға сәйкес, несие шартына қол қойылғаннан кейін банк қаражатты бірден аудармайды. Қарыз алушы осы уақыт аралығында ойынан айнып, несиеден бас тартуына мүмкіндік алады.

– Егер несие сомасы 1 миллион теңгеден асса, қарыз алушыға 24 сағат беріледі. Бұл мерзім ішінде банк клиентті қосымша тексеріп, алаяқтықтың алдын алады. Сондай-ақ азаматтың өзі де асықпай шешім қабылдап, қажет болса несиеден бас тарта алады, – деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұдан бөлек, 150-ден 250 АЕК-ке дейінгі (600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі) несиелер үшін 8 сағаттық кідіріс енгізіледі. Бұрын мұндай несиелерді бірнеше минут ішінде рәсімдеуге болатын.

Маманның айтуынша, бұл өзгерістер несие алушыларды алаяқтардан қорғап, қаржылық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу