KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
494.63 583.22 6.42

"Тұрғындар шағымымен". Қоршаған ортаға зиянды кәсіпорын жауапқа тартылды

11.10.2019, 03:38 404

Экологиялық қауіпсіздік орталығы акция ұйымдастырды. Қыркүйек айында облыс тұрғындары қоршаған ортаға көптеп зиян келтіріп жатқан шағын кәсіпорын, жылыту қазандығы және автокөліктерге қатысты арыз-шағымдарын WhatsApp арқылы жолдады. Алғашқы «үздік» те анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Экология департаментінің мәліметінше, шағым көп түскен «Ұлан» атты ет-консерві зауыты тексерілді. Өскемендегі бұл кәсіпорынның, біріншіден, тозаң тұтатын құрылғысы талапқа сай емес, екіншіден, техникалық құжаттары дұрыс емес.

– Кәсіпорынның қоршаған ортаға келтірген экономикалық шығын мөлшері анықталды. Әкімшілік кодекстің 331, 332-баптары бойынша, хаттама тошлтырылды, – делінген Экологиялық қауіпсіздік орталығының ақпаратында.

Ет-консерві комбинаты белгіленген уақыт мөлшерінде олқылықты түзетуге міндеттелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу