KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
494.63 583.22 6.42

Өскеменде алаяқтың құрығына түскен азамат 2,6 млн теңгесінен айырылған

7.10.2022, 16:38 2 155

Жақында Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 47 жастағы тұрғын жүгінді. Ол сәуір айының соңында бейтаныс адам автокөлікке құжаттарды ресімдеуге көмектесемін деп одан 2 650 000 теңге талап еткенін айтқан. Алайда, өтініш берушіден төлем алып, мәміле шарттарын орындамай, алынған соманы иемденіп алған.
- Хабарламаны алғаннан кейін тәртіп сақшылары күдіктіні қысқа мерзімде ұстап алған. Қылмысқа Риддер қаласының 47 жастағы тұрғынының қатысы бар . Оған қатысты сотқа келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі – алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу