KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
494.63 583.22 6.42

Қар көшкінінің алдын алу жұмыстары – ШҚО

27.01.2026, 09:30 89 Базарова Айгүл

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің «ШҚАПБ» филиалының хабарлауынша, 2026 жылғы 27 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Согорное – Барлық» жергілікті маңызы бар автокөлік жолының 9–17 шақырым аралығында қар көшкінінің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Аталған шара жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қар көшкіні қаупінің алдын алу үшін ұйымдастырылып отыр. Жұмыс барысында автожолдың жекелеген учаскелерінде уақытша шектеулер енгізілуі күтіледі.

Осыған байланысты жауапты қызметтер жүргізушілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға, жолдағы уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға және қажетті жағдайда балама бағыттарды пайдалануға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу