Дәстүрге айналған мереке: Өскеменде ретро стиліндегі кеш өтті
Конституция күні мен қала күні қарсаңында Өскемендегі Достық үйі алдындағы алаңда 1980, 1990 және 2000 жылдар стилінде өткен жарқын ретро-кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат қала тұрғындарының сүйікті дәстүріне айналып үлгерген.
Музыкалық кешке түрлі буын өкілдері жиналды. Өткен жылдардың хит әуендеріне жастар мен аға буын өкілдері ашық аспан астында би биледі.
Дискотекадан бөлек, ретро көліктер көрмесі де үлкен қызығушылық туғызды. Жергілікті коллекционерлер ондаған тарихи автокөліктерді ұсынды.
Кеш соңында костюмдер дефилесі ұйымдастырылып, ең стильді қатысушылар таңдалды. Қонақтар үшін кеңестік пәтерлердің атмосферасын еске түсіретін фотозоналар да әзірленді. Онда радиоқабылдағыштар, телефондар және сол дәуірге тән басқа да бұйымдар қойылды.
Роксана Глыбова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Жалғас Сақадиев















