KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
494.63 583.22 6.42

Бұқтырмада жазғы маусымдық құтқару бекеті жұмысын бастады

27.06.2025, 19:00 268 Гульжан Мусина

 

Шығыс Қазақстан облысында суға шомылу маусымына байланысты құтқарушылардың маусымдық бекеті жұмысқа кірісті. Қауіпсіздік шаралары аясында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Самар ауданының Новостройка ауылында, Бұқтырма су қоймасының жағалауында арнайы құтқару пунктін іске қосты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бекет жаз бойы жұмыс істейді. Мұнда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер тәулік бойы кезекшілік етеді. Олар судағы қауіпсіздікпен қатар, жағалау бойындағы өрт қауіпсіздігін де бақылайды.

«Бекет барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Оның ішінде арнайы жүзу құралдары мен өрт сөндіру көлігі бар. Құтқарушылар қайықтармен су айдынын патрульдесе, өрт сөндірушілер шамамен 110 шақырым жағалау аумағында профилактикалық жұмыстар жүргізеді», – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандар демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы және отпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы арнайы жадынамалар таратып жатыр.

Су жағасында тынығатындарға құтқарушылар қарапайым ережелерді ескеруді ұсынады:
– суға тек рұқсат етілген орындарда түсу;
– балаларды қараусыз қалдырмау;
– спирттік ішімдік ішіп шомылмау;
– үрлемелі матрастармен тереңге жүзбеу;
– отты ашық жерде жақпау.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.

Фото/видео: ТЖМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу