KZ
Өскемен
-4°
снег жел 4 м/с, З
514.74 599.36 6.71

Риддерде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 9 адам анықталды

Фото: gov.kz

2.08.2023, 15:50 457

Риддер қаласында ыстық күн райына байланысты 1-ші дәрежелі өрт қаупі сақталады.

Қазіргі уақытта табиғи ортадағы өрттің алдын алу мақсатында қалада тұрақты түрде рейд жүргізіліп тұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Азаматтық қорғаныс, полиция, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығы қызметкерлерінен құралған 3 мобильді топ қызметін жалғастырып жатыр. Рейдтік іс-шаралар барысында тақырыптық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тәртіп бұзушылар анықталды. Өрт қаупі кезеңі басталғалы бері өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу