KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, В
494.63 583.22 6.42

Марқакөлде көше атауы өзгерді

19.05.2021, 10:15 344

Осы күні Күршім ауданына бағынатын Марқакөлдің "Заречная" көшесі "Айтмұхамбет Асқаров" болып өзгертілді.

Айтмұхамбет Асқаров - 1923 жылы 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Марқакөл ауданы Ұраңқай ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың қазанынан бас-тап 1945 жылдың ақпанына дейін майдан даласында болған соғыс ардагері "Қызыл жұлдыз", "Ерлік", "Германияны жеңгені үшін" және т.б. төсбелгілермен марапатталған.

Салтанатты шараға Марқакөл ауылының ақсақалдар алқасы мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ Күршімнен арнайы келген қаhарман қарт майдангер Ахметкәрім Ахмадиев қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу