Тамыз конференциясында жаңа оқу жылының басымдықтары талқыланды - ШҚО
Білім беру жүйесінің өкілдері бас қосқан ауқымды жиында алдағы оқу жылының басым бағыттары айқындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
15 тамызда өткен республикалық Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына қатысты маңызды мәселелерді атап өткен болатын. Президент білім сапасын арттыру, «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру, жас ұрпақтың бойына заң мен тәртіпті сіңіру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасанды интеллектіні енгізу сынды негізгі бес міндетті айқындады.
Жиын барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ерекше тоқталды.
ШҚО-дағы «Тамыз конференциясында» жаңа оқу жылына арналған нақты міндеттер де белгіленді. Біріншіден, «Адал азамат» бағдарламасы білім берудің барлық сатысына енгізілмек. Сондай-ақ мектептердің бірыңғай ішкі дизайнын қалыптастыру жұмыстары қолға алынады. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы қайта жанданып, оқушылардың қоғамдық белсенділігі артады.
Екіншіден, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу қадамдары басталады. Бұл бағыт оқушылардың заманауи дағдыларды меңгеруіне, мұғалімдердің әдістемелік мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашпақ.
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Руслан Акматалиев












