ШҚО-да ұлын атып өлтірген әке артынша өзіне қол жұмсады
ШҚО-да әкесі ұлын атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған.
Қанды оқиға Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша, 17 желтоқсан күні әкесі ұлына аңшылық мылтықтан оқ атқан. Ұлы алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Ал әкесі артынша өз-өзіне қол жұмсаған.
Болған жағдайды ШҚО Полиция департаменті растап отыр.
- Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйітінің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 105 (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және 99 (адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1- бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.
Оқи отырыңыз